Петропавлдағы Қарттар үйінде Халықаралық қайырымдылық күніне орай концерт ұйымдастырылды. Шараға 120-ға жуық зейнеткер қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлдағы Қарттар үйінде жақындарының жылуына мұқтаж 120-ға жуық зейнеткер тұрады. Оларға бүгін белсенді жандар мейірім сыйлады. Мекемеде үйінде Халықаралық қайырымдылық күніне орай концерт ұйымдастырылды

«Бүгін «Жан жылуын сыйлаймыз» атты кеш өткізіп отырмыз. Шараны СҚО бойынша «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе ұйымдастырдық. Кеште осы бірлестікке мүшелік ететін жерлестеріміз өнер көрсетеді. Қариялардың көңілін бір сәтке болсын аулағымыз келеді», — , қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.

Қарттық келгенде жалғыз қалған жандардың еңсесін өнерпаздар тіктеді. Олардың көру қабілеті нашар болса да жанарларында үміттің оты сөне бастаған қарттардың жүрегіне жылу дарытты. Жиналғандар бірлесе ән салды, би биледі.

Тағы оқыңыз: СҚО волейболшылары Азия ойындарында ел намысын қорғайды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *