Петропавлда көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, 3 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өрт Жуков көшесі бойындағы 23-шы үйдегі 118 пәтерден шыққан. Жедел жәрдем қызметіне қоңырау 9 сағат 54 минутта түскен. Олар оқиға орнына 8 минутта жеткен. Өкінішке орай, олар зардап шеккен 3 жасар баланы құтқара алмады.
Өрт сөндірушілер оттың шығу себептерін анықтап жатыр.
Тағы оқыңыз: Петропавлда Республика күнін тойлау кейінге шегерілді