Петропавлда Республика күнін тойлау кейінге шегерілді

Петропавлда Республика күніне арналған мерекелік шаралардың уақыты өзгертілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелік іс-шаралардың уақыты ауа райына байланысты өзгертілген. Өңірде екпінді жел соғып, қар аралас жауын жауды. Соңы көктайғаққа ұласқан. Синоптиктер алдағы күндері де осындай ауа райы сақталады деп отыр.

Сонымен, орталық алаңда туды салтанатты түрде көтеру сағат 11:00 болады. Одан кейін «Менің Қазақстаным» концерттік бағдарламасы өтеді. Оған актер Дәулет Әбдіғапаров қатысады. Осы уақытта «Қазақ елім» атты интерактивті алаң, «Жүзден жүйрік» спорттық ойындары ұйымдастырылады. 12.30-да «Октава» шығармашылық бірелстігінің «Бірлігі жарасқан Қазақстан» концерттік бағдарламасы ұсынылады. Сағат 14:00 мен 16.00 арасында «Сағындырған әндер-ай» концерттік бағдарламасы болады. Онда 1990-2000 ж. репертуардағы әндер шырқалады.

16.00 мен 18.00 аралығында жастарға арналған концерттік бағдарлама болады. Онда ҚР эстрада жұлдыздары Жұмахан Айдын, Еркеш Хасен, Нұржан Кеменбаев және LIILI ән шырқайды.

Тағы оқыңыз: Дәрігерді ұрған жасөспірім ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x