Петропавлда жетімнің баспанасын қамқоршысы жалға беріп келген

Петропавлда жетім балаға тиесілі 3 пәтерді қамқоршысы заңсыз жалға беріп келген. Аталған фактіні қала прокурорлары анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

13 жастағы жасөспірімге анасы қайтыс болғаннан кейін мұраға 3 пәтер қалған. Бірақ жетім балаға қамқоршы ретінде бекітілген туысы тиісті органының рұқсатынсыз ұзақ уақыт бойы пәтерлерді заңсыз жалға беріп келген. Ол баланы балалар үйіне қайтарғаннан кейін де заңсыз әрекетін тоқтатпаған.  

«Анықталған бұзушылықтар бойынша қадағалау органымен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және сәйкес шараларды қабылдау туралы ұсыныс енгізілді. Одан басқа, ағымдағы жылы 12 қыркүйекте прокуратура органдарының материалдары бойынша Петропавл қаласының полиция органдарымен ҚР Қылмыстық кодексінің 142-бабы «Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын терiс пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», -деп хабарлайды СҚО прокуратурасы.

Қазіргі уақытта балаға келтірілген шығын анықталып жатыр. Іс облыс прокуратурасының бақылауында.

Тағы оқыңыз: Президент диқандарға көмек көрсетуді тапсырды

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x