Петропавл қаласының тұрғыны Кристина Белых жетімдер санаты бойынша 2011 жылдан бері әкімдікте үй кезегінде тұр. Алайда, әлі де өзіне тиесілі пәтеріне қол жеткізе алмай келеді. Облыс әкімінің халықпен өткен кездесуіне келген ол осы мәселені шешіп беруді сұрады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кристина Белых 2006 жылы жетімдер үйінен шыққан. Алайда үй кезегіне тек 2011 жылы тұрыпты. Қазір кезекте 303-і болып тұр. Оның жолдасыда жетім. Екеуі қазір 3 қыз тәрбиелеп отыр.

«Жетімдер үйінен шыққан кезде мені үй кезегіне автоматты түрде тұрғызуы керек екен. Оны тек 2011 жылы білдім. Қаншама уақытым босқа кетті. Менің кейбір өмірлік қиын жағдайда жүрген таныстарыма бұрынғы қала әкімі уақытша пәтер берді. Неліктен заң барлығына бірдей емес? Неге бізге бермейді? Осылай қашанға дейін жүре береміз», деді қала тұрғыны.

Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің сөзінше биыл жетімдер санатына жататын жандарға 120 пәтер берілген. Барлығы үй кезегіне сай алған. Биыл тағы да осы санаттағы адамдарға қосымша 28 үй берілмек.

«Бұл санатқа жататын жандарға үй республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Ал өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға заң бойынша тек жатақханадан бөлме беріледі. Қаласаңыз сізге де жатақханадан бөлме берейік», деді сауалға жауап берген Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев

Тағы оқыңыз:Петропавлда кәсіпкерлер 30 саябақ салатын болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x