Петропавлда жер үйде өрт шығып, 2 адам көз жұмды

Бүгін таңғы 5-тер шамасында Петропавлдағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 2 адам көз жұмды. Оқыс оқиға 3 Сенная көшесінде орын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өрт туралы хабар түскен соң мамандар оқиға орнына жедел жеткен. Оны сөндіруге қаладағы №3 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 7 адам мен 2 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, бесінші өрт сөндіру бөлімінің 4 маманы мен 1 техникасы тартылды. Тағы кезекші өрт сөндіру қызметі де тілсіз жаумен арпалысты.

«Оқиға орнына жеткенде үйдің кіреберісінен 1969 жылы туған әйелдің жансыз денесі анықталды.10 минуттан кейін денесін күйік шалған ер адамның мәйіті табылды. 05:33-те өрт толықтай сөндірілді», — дейді СҚО ТЖД бөлім бастығы Әділ Спаен.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Тағы оқыңыз: Қылмыс жасап, қашып жүрген СҚО тұрғындары Ресейден табылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x