Петропавл қаласы бойынша жалпы 270 гектарды құрайтын жеке тұрғын үй құрылысына 2567 жер учаскесі беру жоспарлануда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Берілетін жер участкелерінің 1594-і «Солнечный» шағын ауданында, ал қалған 973 участкі «Южный» ықшам ауданында орналасқан. Бұл жерлер жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілмек. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында айтылды.
«Бұл ықшам аудандар толықтай сумен, жылумен қамтамасыз етілген. Автомобиль жолдары да бар. Электрмен желісінің жұмыстары да аяқталуға жақын. Жоспар бойынша 2024 жылы іске қосылады.»,-деді СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайролла Ғалеев.