Петропавлда жасөспірім аса ірі көлемде есірткі таратқан

Петропавл полицейлері синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сатқан деген күдікпен кәмелет жасқа толмаған баланы ұстады. Жасөспірімнен 10 бума есірткі тәркіленген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Синтетикалық есірткі қала тұрғынының үйінен табылған. Белгілі болғандай, ол өз әжесімен бірге тұрып, үйде есірткі жасырған. Зейнеткер немересінің заңсыз әрекетінен бейхабар болып шықты. Сараптама қорытындысына сай,  тәркіленген зат жалпы салмағы 191 грамм болатын синтетикалық α-PvP есірткісі екені анықталды. Мамандардың сөзінше, бұл бүкіл мектепті нашақорлыққа тартуға жеткілікті көлем. Ұсталған азамат 17 жаста.

«Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша тергелуде. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, жасөспірім есірткіні қашықтан сататын интернет-дүкендердің бірінде үш айға жуық уақыт жұмыс істеген. Барлық жасөспірімдерді мұндай заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз. Естеріңізге сала кетейік, есірткіні аса ірі көлемде сату фактісі бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Тағы оқыңыз:СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізілмек

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *