Петропавлда жасөспірім сауда орталығында бомба қойылды деп жалған хабар таратқан

Мас күйде болған 16 жасар петропавлдық «Dostyq Mall» сауда-ойын-сауық орталығында бомба жасырылғаны туралы жалған хабар таратқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға орнына тез арада полиция, төтенше жағдайлар және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері келді. Бірден сауда орталығына келушілер мен жұмысшылар эвакуацияланып, тексеру шаралары басталды. Нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер кәмелетке толмаған қала тұрғынын анықтады. Медициналық куәландыруға сәйкес 16 жасар петропавлдық мас күйде болған. Бұл фактілер ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша тіркелді (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау). Енді жасөспірімнің  заңды өкілі жауапкершілікке тартылады», — делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: Петропавлда соңғы екі күнде 180 адам жарақат бөліміне жүгінген

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x