Петропавлда волонтерлік қызметті дамыту жайы талқыланды

Петропавлда «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігі  волонтерлік қызметті дамыту бойынша  мемлекеттік қызметшілерге арнап оқыту семинарын өткізді. Іс-шара барысында салада кездесетін проблемалар мен оны  шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар 2024-2027 жылдарға арналған волонтерлікті дамытудың жол картасына қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігі осындай іс-шараны ел көлемінде өткізуді жоспарлап отыр. Семинардың  негізгі мақсаты –  волонтерлік қызметтегі мемлекеттік қолдау стандартын  республика бойынша енгізу.

«Бізде волонтерлік қызмет туралы заң бар, оған 2022 жылы түзетулер енгіздік.  Сонықтан заңды  толыққанды түсіну де өте  маңызды. Бізде қайтадан әзірленіп, көптеген жаңашылдықтар енгізілген мотивациялық компоненттер бар. Бұл компоненттер жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік қызметшілерге  өз жұмысына басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді», — дейді «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк.

Кездесу соңында қатысушылар волонтерлік саланың табысты дамуы үшін ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажет деген қорытындыға келді.

«2020 жылдан бастап, яғни пандемиядан кейін  Қазақстандағы волонтерлер туралы жұртшылық біле бастады. Бұған мемлекеттік қызметшілер де қызығушылық танытқанын және волонтерлік олар үшін жай сала емес екенін айтқым келеді. Сондықтан қазір бұл семинар мемлекеттік қызметкерлер үшін өте маңызды екені анық», — дейді сарапшы Елена Амреева.  

Айта кетейік, волонтерлік желі Қазақстанда 2010 жылы азаматтар, азаматтық қоғам институттары, бизнес секторлар және мемлекеттік құрылымдар арасында волонтерлік, волонтерлік бастамалары мен волонтер мәдениетін қалыптастыру, қолдау және дамыту мақсатында құрылды. Қазіргі уақытта бұл бірлестік жастардың жолын ашуға, елге пайдалы игілікті істердің көбеюіне үлес қосып жүр.

Тағы оқыңыз:СҚО-да жолдардың 33 пайызы талапқа сай емес

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x