Петропавлда көпқабатты үйдегі өрт салдарынан зейнеткер ауыр жарақат алды. Қазір ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Қалада жеке тұрғын үйлермен қатар, көпқабатты үйлерде де өрт шығу жиілеп кетті. 29 қазан күні түнгі үштер шамасында облыс орталығындағы Ухабов көшесіндегі үйлердің бірінен от шыққан. Қызыл жалын екінші қабаттағы пәтерді шарпыған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйдегі жиһаздың өртеніп жатқанын анықтады.


«Құтқарушылар 10 адамды эвакуациялады. Оның үшеуі — бала. Түтінге уланып, күйік шалған 1961 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Күйік шалған зейнеткер қазір ауруханада ауыр халде жатыр. Дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған.


«Пациенттің денесінің 30 пайызы күйген. Жамбасы, сол жақ иығы мен арқасын от шарпыған. Тыныс алу жолдары да зақымданған. Түтіннен уланған. Жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Барлық қажетті ем-шаралар жасалып жатыр», — дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, кеше ғана облыс әкімі өңірде өрт оқиғаларының жиілегенін айтып, сынға алған еді. Аудан әкімдерінен бастап, барлық жауапты органдарға тілсіз жаумен күресу жолдарын күшейтуді тапсырған болатын.

Тағы оқыңыз: Солтүстікте сұйытылған газ тапшы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *