Петропавлда Наурызнама онкүндігі аясында түрлі шаралар өтеді. Шаһар тұрғындары 22-наурызға дейін көптен күткен мейрамды тойлайтын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Наурызнама онкүндігі бойынша бүгін — Шаңырақ күні. Айтулы датаға орай қалалық мәдениет үйі әртістері «Береке» ықшам ауданында концерт өткізеді. Ал ертең тұрғындар ұлттық киім күніне орай видеочеллендж түсіреді.

20-наурыз күні өтетін ұлттық спорт күнінде Петропавлда ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді. Келесі күні қалалық мәдениет үйінің әртістері Жұмысшы кентінде көшпелі концерт өткізеді. Ал нағыз думан 22-наурыз күні басталады.

Қаланың бас және орталық көшесінде түрлі іс-шаралар өтеді. Киіз-үйлер тігіліп, көл көсір дастархан жайылады. Мықты спортшыларымыз ұлттық спорт түрлері бойынша бақ сынасады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жаңа экосаяхат бағыттары әзірленді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *