Петропавлда тұрмыстық құқық бұзушылықтың 18 фактісі тіркелді

Петропавлда отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтың 18 фактісі тіркелді. Зардап шегушілер бұл жайында өздері арызданбаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда күніне отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық саласында орташа есеппен 4-7 деректен тіркеледі. Көп жағдайда ер адамдар үйде айғай шығарып, жұбайына аузына келгенін айтады, қол көтереді. Жалпы алғанда, отбасы мүшелерінің мазасын алып, шаңырақтың берекесін кетіреді. Жыл басынан бері осындай проблема бойынша 242 әкімшілік іс сотқа жіберілді. 115 факті қос тараптың татуласуымен тоқтатылды. Полицейлердің мәліметінше, жапа шегушілердің көбі арыз жазудан бас тартып жатады екен. Бұл жағдайды одан әрі ушықтырады.

«Шілде айында жедел уәкілдер үй-үйді аралап, осы салада жасалған 18 бұзушылықты анықтады. Жанжалқойларға ескерту, қамауға алу түріндегі жаза түрлері қолданылды. Бұрын ұрыс шығарғандар 1-ден 5 күнге дейін қамалатын. Ендігі кезекте мұндай жаза қолданылса да, ер адамдар үйлеріне 5 күн өткеннен кейін ғана жіберіледі», — дейді қалалық ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.

Тағы оқыңыз: Көшеде сауда жасағанда барынша сақ болыңыздар!

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x