Петропавлда бүгінгі амал күніне орай «Теріскей» ансамблінің кезекті жеке концерті өтті. Аталмыш ансамбль 2017 жылы қалалық мәдениет үйінің жанынан құрылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Фольклорлық этнографиялық ансамбліге 13 адам мүшелік етеді. Ансамбль мүшелері ұлттық музыкалық аспапта 200-ден астам шығарманы ойнайды. Бүгін қала тұрғындары үшін 22 ән-күй орындап, мәдени кешке келушілерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Жалпы, алдағы мерекелік күндерге қалалық мәдениет үйінің жоспары ауқымды екен.
«Бұл ансамбль түрлі облыстық іс-шараларда өнер көрсетеді. Бүгін де халық сүйіп тыңдайтын ән, күйлерін көрерменге ұсынбақ. Жалпы қалалық мәдениет үйі ұжымы наурызда «Жұмысшы» және «Береке» ықшам аудандарының тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлайтын болады. Және 21, 22-ші наурыз күндері орталық алаңда да өнер көрсетеміз», — деді қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Мұхамедәлі Испанов.