Петропавлдықтар тағы бір күн сусыз отырады. Ол бірінші сорғы станциясындағы жаңғырту жұмыстарына байланысты, деп жазады Qazaqstan Media.
«Петропавлда 27-ші мамыр күні сағат 22:00 мен 28-ші мамыр сағат 22:00-ге дейін су беру шектеледі. Бұл үрдіс сорғы станциясындағы жаңғырту жұмыстарына байлынсты. Ол судың сапасын арттыруға керек», — деп жазылған «Қызылжар су» ЖШС хабарламасында.
Сондықтан қала тұрғындарына алдын ала су алуға кеңес береді. Шамамен тірлішік нәрі бір тәулік болмайды. Аталмыш сорғы станциясы былтыр тасқын кезінде су астында қалған болатын. Сол себепті, станцияны жаңғырту қажет болды. Осы бағытта үш млрд теңге демеушілік қаржы бөлінді. Мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын толық аяқтады. Енді мамандар бірінші топтағы екі сорғыны орнататын болады. Жалпы мұнда төрт сорғы қойылады.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы оқушылар сарайында жазғы академияға қабылдау жүріп жатыр