Петропавлда тағы екі жайлы мектеп тұрғызылады

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Петропавлда тағы екі мектеп бой көтереді. Олар Қопай және Жас өркен шағын аудандарында салынады, деп жазады Qazaqstan Media.

Бүгінгі күні облыс орталығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында екі нысан тұрғызылып жатыр. Әрқайсысы 600 балаға шақталған білім ордалары Орман және Береке шағын аудандарында ашылмақ.

Петропавлда тағы екі жайлы мектеп тұрғызылады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов білім беру нысандарының құрылыс барысын тексерді. Ормандағы мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Өңір басшысы Берекедегі құрылыс алаңында жұмыстарға қарқын қосуды тапсырды.

Петропавлда тағы екі жайлы мектеп тұрғызылады

Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында Жас өркен және Қопай шағын аудандарында 1,5 мың орындық тағы екі мектептің құрылысы басталады.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі жеке кәсіпкерлерден түсетін салықты тексеруді тапсырды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x