1 мамыр

1-мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Мереке қарсаңында Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде әр түрлі ұлт өкілдерінің тағамдары, салт-дәстүрлері көрсетіліп, концерттік бағдарлама қойылды. Шараға мектеп оқушыларының ата-аналары да қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлау №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің жыл сайынғы дәстүріне айналған. Бұл күні  келген қонақтарға спорттық алаңда мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылып, концерт те ұйымдастырылды. Іс-шара барысында киіз үйлер тігіліп, олардың ішінде қазақ, орыс, украин, татар, әзірбайжан, корей халықтарының ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлері көрсетілді. Мұнда келген әрбір қонақ керемет көңіл-күйге бөленді.

«Бүгінгі күні мектебімізде 17 ұлттың өкілі мен 2 мыңға жуық бала білім алып жатыр. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында мұғалімдердің де саны 120-ға жетті. Барлығы да білікті мамандар. Осы іс-шараны оқушылар мен ұстаздар қауымы бірлесіп ұйымдастырды. Жалпы мұндай мерекелік бағдарлама жылда өткізіледі. Осылайша, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеп, өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрімен таныстырамыз», — дейді №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры Ләззат Жалмұқанова.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x