Жақын арада Петропавлда су тарифі өсуі мүмкін. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінде өткен ашық тыңдалымда айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Қызылжар су» ЖШС-і өкілдерінің айтуынша, тарифті қымбаттатудағы негізгі себептердің бірі -инвестициялық бағдарлама сомасының өсуі. Яғни, серіктестік сумен жабдықтау және су бұру желілерінің, станциялардың және техникалардың тозуын азайтпақ. Сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын да көтеруді жоспарлап отыр.
«Тариф бағасы тұрғындар үшін бір текше метріне 84,6 теңге, ал бюджеттік ұйымдар үшін 1162,55 теңге, басқа тұтынушылар үшін 394,31 теңге болмақ. Су тарифін 8,3 пайызға яғни 15 теңге 4 тиынға өсіруді жоспарлап отырмыз», — деді «Қызылжар су» ЖШС бас экономисі Елена Петрова.
Тағы оқыңыз:СҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмды