Облыс орталығында «Шекарасыз ас үй» этно-фьюжн шеберлік сағаты өтті. Шарада түрлі этномәдени ұйымдардың өкілдері ұлттық тағамдарын дайындау үшін бір ас үйде бас қосты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін қаладағы 7 этномәдени ұйымның өкілдері Петропавл жоғары құрылыс–экономикалық колледжіне жиналды. Мұндағы мақсаттары – әр ұлттың дастарханының сәнін келтірер ұлттық тағамдарын бірлесе дайындау. Ерекше жиынға оқу ошағының педагогтері және студенттері қатысты. Барлығы бірдей 5 түрлі тамақ әзірледі. Ең алғаш болып бүйрек (барамышқа) жол берілді.

«Осы шараның негізгі мақсаты – әртүрлі ұлт өкілдерін бір-бірінің ас үйімен жақынырақ таныстыру. Айта өтсек, бұл біздің бірінші бас қосуымыз емес. Бұған дейін де осындай шеберлік сағаттарын өткіздік. Шара соңында дайындалған астан дәм татамыз. Сонымен қатар, қатысушыларға сертификаттан табыс етіледі», — деді «Қоғамдық келісім» КММ бөлім жетекшісі Анар Каршалова.

Қазақ халқының тағамдары 3 түрге бөлінетінін баршамыз жақсы білеміз. Ол — ет, сүт және нан өнімдері. Әрқайсысы өзінше ерекше, бастысы – барлығы бірдей денсаулыққа пайдалы. Ұлттық астың түр-түрі жайлы облыстық ардагерлер кеңесінің маманы Сәуле Тахметова түсіндіріп өтті. Айтуынша, ел азаматтары сүйіп жейтін жылқы еті Франциядағы дәріханаларда емдік препарат ретінде сатылады. Бұның өзі еттің адам ағзасына қаншалықты пайдалы екенінің айқын дәлелі.

«Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясына қатысқан болатынмын. Онда бізге құрттың қиын уақытта адамдарды қалай сақтап қалғаны туралы фильм, спектакль көрсетті. Жуырда біз ардагерлермен бірге Астананың жанындағы «АЛЖИР»-да болып қайттық. Ол жақта да әсіресе, әйелдерді құрттың қалай алып қалғанын тағы бір мәрте тамашаладық. Осыдан сүт өнімінің құрамында адам ағзасына пайдалы қаншама минералдардың барын білуге болады», — деді Сәуле Тахметова.

Тағы оқыңыз: 7 солтүстікқазақстандық жаңа куәлік алды 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x