Ел көлемінде ұйымдастырылған мега-жобаға қатысқан 20 команданың 10-ы кезекті сында бақ сынауда. Оның қатарында солтүстіктің өнерпаздары да бар, деп жазады Qazaqstan Media.

Солтүстік өңірде өткен республикалық айтыстың екінші айналымы «Еңбек адамы» тақырыбында өтті. Сахна төрінде Астана қаласының өнерпаздары мен Солтүстік Қазақстан облысының ақындары мен дәстүрлі өнер шеберлері бақ сынасты. Бұл мега жоба былтыр бастау алып, барлық өңірді қамтыған болатын.

Петропавлда республикалық командалық айтыстың екінші айналымы өтті
Петропавлда республикалық командалық айтыстың екінші айналымы өтті

«Командалық айтыс мега-жобасы 2024 жылы басталған болатын. Онда әр өңірдің ақындары мен жыршыларынан команда құрылды. Барлығы 20 команда. Бірінші айналымнан өткен 10 құрама ішінен жартылай финалға өткендерді саралайтын боламыз. Жартылай финал мамыр айында Астанада өтетін болады. Бүгін Солтүстік Қазақстан мен Астана қаласының құрамалары сайысады. Олар көрерменге қазақтың бекзат өнері-айтысты көрсетеді деген ойдамын», — дейді мега-жобаның авторы Аманжол Әлтаев.

Наурыз айында өткен жыр додасында теріскейлік ақын, жыршы, термешілер Шығыс Қазақстан құрамасын жеңген болатын. Әділқазылар алқасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман бастады. Әр өнер көрсеткен жұптың бағасын сол саланың маманы ғана бағалай алады.
Қос өңір арасында өткен өнер бәйгесінде ақындар «түре», «сүре», «қайым» және «қыз бен жігіт айтысы» жанрлары бойынша сынға түсті. Сонымен қатар күй, жыр, терме және дәстүрлі ән бойынша да мықтылар анықталды.
Мега-жобаның бұл кезеңінде теріскейлік команда да өзгеріс бар. Термені Мейрамгүл Здуалиева айтса, күй тартуға Асхат Ғалеев шықты. Қыз бен жігіт айтысында Берденбек Мырзат бақ сынады.

«Осыдан бір ай бұрын, Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған айтыста командамыз солтүстіктің өнерін көрсетіп, сал-сері, батырлардың ұрпағы екенімізді дәлелдей алды. Жыр-терме, дәстүрлі ән сынына түсетін жігіттеріміз сайдың тасындай іріктелген. Осы жолы да жеңістен үміт бар. Астана қаласының командасын айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы бастап келіп отыр. Олар да тіс қаққан өнерпаздар. Бірақ, біздің қыз-жігіттер де осал емес. Бабалардан мирас болып қалған өнерді ұлықтап жүрген жандар», — дейді ұйымдастырушы әрі айтыскер ақын Жарқын Жұпархан.

Петропавлда республикалық командалық айтыстың екінші айналымы өтті
Петропавлда республикалық командалық айтыстың екінші айналымы өтті

Өнердің бес бағыты бір жобада тоғысты. Қазақтың күмбірлеген күйі мен төгілген жыры келген көрерменнің делебесін қоздырып, қиқуға басты. Есілдің жағасында туған ұлы тұлғалардың мерейтойлары туралы да сөз қозғалды. Бұл Қожаберген жырау мен Шал ақын, Сегіз серінің өнері әлі де өшпей келе жатқанын көрсетеді. Қазақтың қара домбырасын шертіп, түрлі күйді төгілткен, суырып салмалығымен көзге түскен және де қазақтың кең даласына ән салып дауысын жеткізген өнерпаздар көрермен қошеметіне бөленді. Айтыскерлер болса қағытпа сөздер арқылы бір-бірін шымшып өтіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтере білді. Доданың қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы бас жүлдені жеңіп алды. Әр ақынға – 500 мың теңгеден, ал жыршы, термеші, дәстүрлі әнші және күйшілерге – 250 мың теңгеден берілді.

Петропавлда республикалық командалық айтыстың екінші айналымы өтті
Петропавлда республикалық командалық айтыстың екінші айналымы өтті

Тағы оқыңыз: Петропавлда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Огонек на ветру» спектаклінің премьерасы болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *