Петропавлда «Qyzyljar Music Fest» халықаралық фестивалі өтеді

Шілденің 5-і мен 9-ы аралығында Петропавлда «Qyzyljar Music Fest» халықаралық фестивалі өтеді. 5 күн бойы солтүстікқазақстандықтар қаланың басты алаңында концерттік бағдарламаны тамашалай алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Фестиваль шымылдығын шілденің 5-і күні «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі, «Үлгер» және «Күлтегін» фольклорлық ансамбльдері ашпақ. Келесі күні қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары, әндері әсіресе жастар арасында танымалдыққа ие болған Әміре және Кенжебек Нұрдолдай сахнада бой көрсетеді. Ал, 7 шілде хореографияға арналмақ. Бұл күні «Кун сузы» хакас би ансамблі мен Зазан лезгинка мектебі сахнада мың бұрала билейтін болады. Шілденің 8-і — классика кеші. Хедлайнерлер — итальяндық опера әншісі Дживани Лекессе және қазақстандық опера әншісі Зарина Алтынбаева. Шараның соңғы күні гала-концерт ұйымдастырылады. Мерекелік концерттердің барлығы күн сайын сағат 20:00-де басталатын болады.

Тағы оқыңыз: 30 жастағы солтүстікқазақстандық суға батып кете жаздады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x