Петропавл қаласының прокурорлары автосалон ашқысы келген кәсіпкерге көмектесті. Инвестор 3 айдан бері тиісті құжаттарын ала алмай келген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Тамыз айында СҚО прокуратурасының фронт-офис алаңына «Тобыл-Моторс» ЖШС өкілдері өтінішпен келген. Олар қала аумағында құны 1,5 миллиард теңге болатын мультибрендтік автосалон салуды жоспарлаған. Алайда сәулет-жоспарлау тапсырмасын алуда қиыншылыққа тап болған. Жергілікті атқарушы орган өкілдері 3 айдан астам уақыт бойы кәсіпкерге СЖТ беру рәсімін кешіктірген.
«Прокуратура органдары мен «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ-ның өкілдері іске араласқан соң ғана 18 тамызда «Тобыл Моторс» ЖШС құжат берілді. Өз кезегінде, СЖТ-ның болуы кәсіпкерге автосалон салуға кірісуге және одан әрі инвестициялық жобалардың республикалық пулына кіруге мүмкіндік берді», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Тағы оқыңыз: Жолдау – 2023: «Жайлы мектеп» аясында 400-ге жуық мектеп салынады