форум

Сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту, сүт фермаларын құру, сүт өнімдерін шығару кәсібін жолға қою туралы өзара пікір алмасу үшін 600-ге тарта делегат Қызылжарда бас қосты. Отандық және Германия, Италия, АҚШ-тың ғалымдары халықаралық форумға және «QazaqSut» сүт шаруашылығының көрмесіне қатысты. Бұдан бөлек, бұл күні өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров бірқатар фермерлерге СҚ-да ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат пен құрмет грамотасын табыс етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО — ауыл шаруашылығының драйвері. Өңірде егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да жақсы дамып келеді. Соңғы 5 жылда 16 мың басқа шақталған 30 сүт тауарлы фермасы іске қосылды. Осылайша, жергілікті нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету мүмкіндігі туды. Саланы одан әрі дамыту мақсатында алға қойған жоспарлар да ауқымды. Қазіргі таңда 17 сүт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. 9-ы биыл қолданысқа берілмек.

форум

форум

«Шаруа қожалықтары нәтижелі өнім алу үшін үлкен жұмыстар атқаруда. Өздеріңізге белгілі СҚО-да сүт фермаларын салу бойынша ауқымды пилоттық жоба жүзеге асуда. Тек биылдың өзінде 17 қазіргі заманғы сүт кешендері салынуда. Бұл сәтті жоба. Бүгін республика көлемінде жүзеге аса бастады. Сол себепті сүт фермаларын салу және өнімділік өсіру бойынша бүгін жақсы пікір алмасу болады деген сенімдемін»,-деді СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.

Бүгінгі күні Қазақстанда 200-ден аса сүт тауарлы кешен бар. Жылына 6 млн тоннаға жуық сүт өндірілсе, соның 3 млн тоннасынан түрлі дайын өнімдер шығарылады. Елімізде осы саланы одан әрі дамыту үшін республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 11 облыста заманауи сүт тауар фермаларын салуға арналған. Соның 17 млрд-ы СҚО-на берілді.

форум

Солтүстікқазақстандық фермерлер мал шаруашылығын дамытумен көптен бері айналысып келеді. Көшті бастап тұрған шаруа қожалықтарының бірі — «Зенченко и К»КС. Бүгінгі күні кәсіпорынның өнімдері ел аумағында ғана емес шетелде де жоғары сұранысқа ие. Аққайың ауданына қарасты Власовка ауылында орналасқан «Гердт» шаруа қожалығы 25 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ал осыдан 9 жыл бұрын Владимр Гердт сүтті мал шаруашылығын қолға алды. Былтыр кәсіпкер заманауи сүт фермасын салды. Бүгінгі таңда фермада Австриядан әкелінген 200-ге жуық ірі қара мал бар. Мұнда тәулігіне 4 тоннаға жуық сүт сауылады.

«Өткен жылы шаруашылығымызда 200 тоннаға жуық сүт сауылды. Оны біз «Евразиан милк» зауытына сатамыз. Қазіргі таңда көптеген әріптестерім мал шаруашылығын қолға алуға қорқады. Бірақ бұл саланы дамытып, елдің экономикалық жағдайын жақсартуға үлес қосам деген азаматтарға мемлекет тарапынан жақсы қолдау бар»,-дейді «ГЕРДТ В.В.» ШҚ басшысы Владимир Гердт.

 

форум

Халықаралық форум 2 күнге созылмақ. Осы уақыт аралығында шетелдік сарапшылар мен отандық ғалымдар және тауар өндірушілер өңірдің озық ауылшаруашылық өндірістерін аралап, тәжірибе алмасады.

Тағы оқыңыз: Аудан орталықтарында кәрізді тазарту станцияларының болмауы қолайсыз экологиялық жағдай туғызуда

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x