Петропавлда тәртіп сақшылары оқушылардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа жобаны іске қосты. Енді оқушылар киімдеріне жарық шағылыстырғыш элементтерді міндетті түрде тағатын болады, деп жазады  Qazaqstan Media.

Полицейлердің жаңа жобасы Петропавл қаласындағы №2 мектебінен басталды. Мектеп ұжымымен және ата-аналармен кездескен полицейлер балалардың сырт киіміне жарық шағылыстырғыш элементтерді міндетті түрде тағуды түсіндірді. Себебі қараңғы түскен уақытта жолда жүргізушілер балаларды аңдамай, көлікпен қағып кетуі ықтимал. Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжановтың айтуынша, жоба идеясы оның бастауыш сыныпта оқитын ұлының бастамасымен туындаған.

«Бір күні ұлым қоңырау шалып, «жолдан өткізіп жіберші» деп өтінді.  Себебі көліктер жылдам жүріп, оны байқамай өтіп жатқан. Содан кейін балаларға жарық шағылыстырғыш белгілер – фликерлер сатып алып, пилоттық жобаны дайындауға кірістім»,-дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Ата-аналарға  бейнежазбалар көрсетіліп, бұл шараның балалардың қауіпсіздігі үшін қажеттілігі түсіндірілді. Пилоттық жоба аясында №2 мектептің 1-8 сынып оқушылары сырт киімдеріне жарық шағылыстырғыш жолақтарды міндетті түрде тағатын болды. Пилоттық жобаның нәтижелері кейін өңірдің өзге мектептеріне енгізілмек.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ер адам TikTok-та айтқан сөздері үшін алты жылға сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *