Петропавлда Наурыз мейрамында ұлттық киім киген азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Солтүстік Қазақстан облысында Наурыз мейрамын тойлау жоспары белгілі болды. Іс-шаралар наурыздың 14 мен 23-і аралығында өтетін болады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Мейрамның алғашқы күнінде облыс әкімі этномәдени орталықтардың белсенді мүшелерімен кездеседі. «Көрісу күні-амал мерекесі» деген атаумен облыс бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылады. Мәдени шаралар балабақша, мектеп, кітапханаларды толық қамтиды. Жалпы бұл күні Петропавл қаласы бойынша 20-ға жуық іс-шара өткізу жоспарланған.
15-ші наурыз – «Қайырымдылық» күнінде де жоспар ауқымды. Еріктілер мен түрлі мекеме мамандары зейнеткерлер мен әлеуметтік осал топтағы жандарға қайырымдылық жасайды.

«Қайырымдылықта шек жоқ» деген атаумен Петропавл жастар ресурстық орталығы және қоғамдық даму және ақпарат орталығы ашық есік күнін ұйымдастырады. Оның барысында тұрмысы төмен отбасыларға киім-кешек, азық-түлік жеткзіледі», — деп жазылған меркелік жоспарда.

Сонымен қатар, бұл күні Аққайың ауданы Смирнов ауылындағы қарттар үйіне де көңіл бөлінеді.
16-шы наурыз — «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Жоспарға сай басты алаңда театр актерлары ұлттық салт-дәстүрді көрсететін болады. Сондай-ақ Абылай хан резиденциясында «Наурыз мейрамы – ұлттық дәстүрлердің қайнар қазынасы» атты театрландырылған іс-шара өтеді. Оған қоса білім ошақтары мен кітапханаларда да танымдық шаралар болады. Ал ҚХА ғимаратында «Көктем әні» атты концерт жоспаралынып отыр.
Наурыз мейрамының 4-ші күнінде С. Мұқанов атындағы қазақ сазды дарама театрында республикалық айтыс өтпек. Орталық алаңда «Супер әже» сайысы ұйымдастырылады. А. Винокуров атындағы спорт сарайында спорт сағаты болады.
18-ші наурыз — ұлттық киім күні. «Достық мол» сауда үйінде ұлттық киім мен бұйымдардың көрме-жәрмеңкесі өтеді. Сонымен қатар мекемелер ұлттық киім кию челленджіне қатысады. Петропавлдағы №42 ОМ оқушылар арасында ұлттық киім сән көрсетілімі болады.
19-шы наурыз күні дөңгелек үстел, көрмелер болады. Ол — «Жаңару» күніне орайластырылған. Ақан Сері атындағы облыстық филармонияда қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылады.
20-шы наурыз – ұлттық спортты насихататуға бағытталған. Бұл күні Жамбыл ауданы Пресновка ауылында дене шынықтыру — сауықтыру кешені ашылады. Осы жерде қазақ күресінен облыстық жарыс болады. Асық ату, тоғызқұмалақ және садақ атудан ашық турнир өтеді. Дәл осындай ашық турнир Петропавлдағы қазақ мектеп гимназиясында да ұйымдастырылады. Ат спортын сүйетіндер үшін Қызылжар ауданы Бескөл ипподромында түрлері жарыстар болады. Петропавдағы спорт колледж-интернатында қазақ күресінен Қожаберген жырау атындағы республикалық сайыс жоспарланып отыр.
21-ші наурыз – «Ынтымақ» күнінде бас алаңда концерт болады. Облыс ұйымдарында наурыз мерекесі аталып өтіледі. Ал Қазақстан Конститутциясы көшесі бойында киіз үйлер құрыла бастайды.
22-ші наурыз — «Жыл басы» деп аталады. Бас алаңда облыс әкімі атынан құттықтау, үлкен мерекелік концерт болады. Бауырсақ fest, шеберлік сағаттары өтеді. Орталық алаңда бұқаралық спорттық іс-шаралары, концерт ұйымдастырылады. Бұл күні ұлттық киім киген азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүретін болады.
23-ші науыз — «Тазару күні». Бұл күні «Асар» акциясы өтеді. Жалғызбасты зейнеткерлердің аулаларынан қар шығарылады. Кішкентай қала тұрғындары мен қонақтары үшін облыстық қуыршақ театрында «Сиқырлы таяқша» қойылымы болады.
Жалпы наурыз мейрамын тойлау барысында Солтсүтік Қазақстан облысында 120-дан астам іс-шара өтеді деп жоспарланған.

Тағы оқыңыз: 14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі»

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x