Нашақорлық — қоғам дерті. Өңірдегі жағдайдың мәз емес екені белгілі. Статистиканы естіп бас шайқауға болады. Аталған олқылықтың орнын толыру мақсатында облыстық ПД мен қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары Заречный кентінде шара өткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бұл мәселені бәріміз күш біріктірсек қана жеңе аламыз, дейді мамандар. Сайыс викторина түрінде өтті. Ойын барысында есірткіні сату немесе тұтынудың салдары жайлы айтылды. Соның барлығын естіген ұл-қыздар ойларына көп дүние түйіп, болашақта жаман әдеттен аулақ дегенге сенім мол.

«Нашақорлықпен күресуден жалықпаймыз. Жыл басынан қоғам дертінің алдын алуға арналған 50-ге жуық шара өткіздік. Бізді бәрінен бұрын оңы мен солын білмейтін жастардың есірткіге тәуелді болуы, түрмеге түсуі қынжылтады. Сондықтан, біз бүгін ұл-қыздарға нашақорлықтың салдары жайлы біршама мәлімет береміз»,- деді қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Айсұлу Бекімова.
Бүгінде Петропавлда мектептен тыс жұмысқа арналған 23 орталық жұмыс істейді. Олардың ішінде спорттық, шығармашылық машықты дамытуға арналған үйірмелер бар.
Тағы оқыңыз: СҚО-да Ғ. Мүсірепов ауданында жолдар жөнделіп жатыр