Петропавлда микроавтобусты мас жүргізуші басқарған

«Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында солтүстікқазақстандық полицейлер микроавтобус рөліне мас күйде отырған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

22-ші қаңтар күні сағат 16.00 шамасында Назарбаев пен Хименко көшелерінің қиылысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Volkswagen Transporter автокөлігін тоқтатады.

Тексеру барысында 49 жастағы жүргізуші микроавтобусты мас күйде басқарғаны анықталды. Ол медициналық куәландыру барысында расталды. Ер адам көлікті жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде жүргізген.

«Нәтижесінде автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Баптың санкциясы он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуды және көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айыруды көздейді», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да миссионерлік қызметпен заңсыз айналысқандар анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x