Петропавлда Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің төбесіндегі сылақ опырылып түсті. Салдарынан үш бала зардап шеккен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға бүгін кешке математика кабинетінде болған. Төбедегі сылақ опырылып түскенде мұнда 7-ші сынып оқушыларында сабақ болып жатқан. Салдарынан үш бала зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

«Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына үш бала жеткізілді. Олардың миы шайқалған. Қазір жағдайлары жақсы. Бүгін олар дәрігерлердің бақылауында болады», — деді облыстық көпбейінді аурухана директорының орынбасары Александр Гасман.

Айта кетейік, мектеп төрт жыл бұрын ғана пайдалануға берілген.

Тағы оқыңыз: Петропавлда саяжайда тұрып келген 32 отбасыға жаңа үй берілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *