Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен үш жасар бала әлі есін жиған жоқ. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 19 желтоқсан күні болған. Ас үйде анасының қасында ойнап жүрген үш жасар бала орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен. Ол ауыр жағдайда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Содан бері міне, тура екі ай өтті. Бірақ бала әлі есін жиған жоқ.

«Баланың жағдайы еш өзгеріссіз, әлі комада жатыр. Жағдайы ауыр», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Осы оқиғадан кейін полиция бірден кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Кейін қылмыстық іс «Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру» санатына ауыстырылған.

«Қылмыстық іспен Петропавл қалалық полиция басқармасының анықтау бөлімі айналысып жатыр.  Тергеу жалғасуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 100-ге жуық лифтінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *