Петропавлда кәсіпкерлер 30 саябақ салатын болды

Петропавлда биыл 60-қа жуық аула абаттандырылады.Бұл мақсатқа бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінген. Ал бизнесмендер өз қаражаттарына саябақ салатын болды, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі
Жалпы Петропавлда барлығы 593 аула бар. Оның 260-ының жағдайы көңіл көншітпейді. Осы мәселені шешу үшін биыл алдағы 5 жылға арнайы жоспар әзірленген. Нәтижесінде, аулаларға асфальт төселіп, балалар және спорт алаңдары, шағын футбол алаңдары орнатылады. Және аулалар жарықтандырылып, бейнебақылау да қойылады деп жоспарланған. Бұл туралы Петропавл қаласының әкімі тұрғындармен кездесу барысында айтты.

«Қаладағы аулалар тұрғындардың жазған өтінімі бойынша жөнделеді. Былтыр осы кезекке сай 34 балалар және 42 спорт алаңдары орнатылады. 15 аулаға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы 5 жылда қазір жағдайы нашар болып тұрған 260 ауланы қайта қалпына келтіретін боламыз»,-деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Және биыл облыс орталығында жаңа 30 саябақ салынады. Қазір жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, орналасатын жерлері анықталған. Бұл мақсаттарға бюджеттен қаражат қарастырылмаған. Оларды кәсіпкерлер салатын болды.

«Былтыр жалпы ауданы 4,3 гектарды құрайтын үш саябақ құрылысы аяқталды. Қалада бар болғаны 55 демалыс орны бар. Бұлардың саны биыл тағы өңір кәсіпкерлерінің қолдауымен көбеймек. Әр жобаның құны 16 миллионнан 30 миллион теңгеге дейінгі аралықты құрайды. Алаңдардың кейбіріне облыстың дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғалардың есімдері беріледі»,-деді қала әкімі

Тағы оқыңыз:Петропавлда көпқабатты үйдің тұрғындары үш айдан бері ыстық сусыз отыр

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x