Петропавлда бесінші қабаттан құлаған қыз есін жинады. Ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Петропавлда көпқабатты үйден құлаған 15 жастағы қыз есін жинады. Дәрігерлердің айтуынша, ол ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Жасөспірім бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.
«Бізге жеткізілген бетте жағдайы ауыр болатын. Ол түні бойы жансақтау бөлімінде жатты. Келесі күні ақырындап есін жинады. Жабық бас сүйек жарақатын алған, миы шайқалған, өкпесіне ауа толған, ішкі органдарына да зақым келген. Қазіргі кезде өкпесінде дренаж тұр. Жағдайы тұрақталды. Ол дәрігерлердің жіті бақылауында», — деді облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Салтанат Шайкенова.
Маманның айтуынша, қыздың жамбасы, омыртқасы сынған. Бүгінде онымен психолог мамандар да жұмыс істеп жатыр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жолдарды қардан дұрыс тазаламаған компанияның қызметкерлері жұмыстан қуылды