Петропавлда 74 жастағы Петр Земляеовқа іздеу тоғызыншы шілде жарияланған болатын. Емханаға кеткен зейнеткер үйіне оралмады, деп жазады Qazaqstan Media.

Тоғызыншы шілде күні ер адам Парк көшесіндегі үйінен, емханаға барамын, деп кеткен. Бірақ, сол күйі оралмады. Кейін оның емханаға бармағаны белгілі болды. Туыстары іздеу жариялады. Полиция қызметкерлері мен еріктілер бірнеше күн жоғалған зейнеткерді іздеу жұмыстарына қатысты.

Петропавлдаіздеуде болған зейнеткердің мәйіті су қоймасынан табылды
Петропавлда
іздеуде болған зейнеткердің мәйіті су қоймасынан табылды

Қарияның өлі денесі 13-ші шілде күні қала маңындағы су қоймасынан табылды.

«Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Мән-жай анықталып жатыр. Полиция 74 жастағы Петропавл тұрғынының өлімі бойынша тексеру жұмыстарына жүргізуде»,- деп нақтылады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да грантқа құжат қабылдау басталды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *