Петропавлда эротикалық дене массаж жасаумен айналысқан қыздар ұсталды

Петропавлдық полицейлер эротикалық массаж жасаумен айналысқан топты ұстады. Олар заңсыз қызметін жалға алған пәтерлердің бірінде көрсетіп келген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Заңсыз қызмет көрсеткендер «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.  Абай көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде 46 жастағы әкімші, сондай-ақ 21 және 22 жастағы екі қыз ұсталды. Олар мұнда ақша үшін эротикалық дене массажын жасап келген.

«Осы факт бойынша әкімшіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі бойынша «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» бойынша материал жиналды. Аталған баптың санкциясы жеке және лауазымды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Мұндай фактілерді анықтау бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жұмысы тұрақты түрде жалғасуда», — делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Петропавлда эротикалық дене массаж жасаумен айналысқан қыздар ұсталды Петропавлда эротикалық дене массаж жасаумен айналысқан қыздар ұсталды

Тағы оқыңыз: СҚО-да қызылша жұқтырғандар саны 75 адамға жетті

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x