Петропавлда еркін күрестен облыстық чемпионат өтіп жатыр

Петропавлда еркін күрестен облыстық чемпионаттың іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен 150 спортшы келген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Турнирге қатысушылардың бірі- Аслан Ерден. Ол төрт жылдан бері еркін күреспен айналысады. Бүгін Ғ. Мүсірепов ауданының намысын қорғап келген. Осы жарыста қола медальге ие болды. 

Петропавлда еркін күрестен облыстық чемпионат өтіп жатыр

 

«Қарсыласым өте мықты екен. Жекпе-жек оңай болған жоқ. Тіпті жеңіліп қалуым да мүмкін еді. Бірақ қола жүлдеге ие болдым», — дейді Аслан Ерден.

Облыстың аға жаттықтырушы Павел Ляшеноктың айтуынша, өңірде мұндай жарыстарды ұйымдастыру дәстүрге айналған.

«Бүгінгі жарысқа облысымыздың барлық аудандары қатысып жатыр. 2009, 2010, 2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатына жолдама алу үшін ең мықты спортшыларды іріктеп аламыз. Осы жарыстың қорытындысы бойынша команда құрып мектеп интернат базасында жиын өткіземіз», — деді еркін күрестен облыстың аға жаттықтырушысы Павел Ляшенок.

Турнирдің үздік спортшылары республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайтын болады.

Тағы оқыңыз:СҚО-да ауыл әкімі мас күйде көлік басқарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x