https://qaz-media.kz/kk/s%d2%9bo-da-zhyl-basynan-beri-%d3%99jelderge-%d2%9batysty-527-%d2%9b%d2%b1%d2%9by%d2%9b-b%d2%b1zushyly%d2%9b-tirkeldi/

Петропавлдық еріктілер құтқарушылар мен бірігіп су басу қаупі бар аудандарды аралап, тұрғындарға жаднамалар таратты. Бұл іске 15-ке жуық жас жұмылдырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін ТЖ қызметкерлері мен өңір еріктілері үй-үйлерді аралап, сақтық ережелерін түсіндірді. Тұрғындарға 300-ден астам жаднама таратылды. Петропавлдағы Былғары зауыты, Заречный және Жұмысшы кенттері қаладағы су басу қаупі жоғары аймақтарға жатады. Сондықтан мұндағы тұрғындар апатқа дайын болып, сақтық ережелерін білгендері абзал.

Петропавлда еріктілер су басу қаупі жоғары аудандардың тұрғындарымен кездесті

Апат кезінде тұрғындарға көмек беретін жастар ресурстық орталығының штабтары өңірдің барлық аудандарында орналасқан. Олар кезкелген төтенше жағдайға дайын.

«Жаднама таратуды Заречный кентінен бастадық. 60-тан астам үйді қамтуды көздеп отырмыз. Мұндағы үйлер Есіл өзенінің қасында орналасқан. Жыл сайын су деңгейі көтеріліп, тұрғындарды әбігерге салады. Жалпы, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек беруге әзірміз. Жұмысшы кентінде және қалалық жастар ресурстық орталығында арнайы штабымыз бар», — деді жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Абдин.

Тағы оқыңыз:СҚО-да жыл басынан бері әйелдерге қатысты 527 құқық бұзушылық тіркелді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *