Петропавлда алғаш рет ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорттық акция өтті. Оған 120-ға жуық бала қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Акция «Синий трактор» балалар инновациялық-дамыту орталығының тәрбиеленушілері үшін ұйымдастырылды. Балалар 60 және 200 метр қашықтыққа жүгіріп, доппен түрлі ойындар ойнады. Жалпы мұндай шаралар ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамнан шеттетпей, олардың да спортпен шұғылдана алатындығын көрсету үшін жасалады.
«Бүгінгі іс-шара біздің өңірімізде бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Енді осы акцияны басқа облыстарға эстафета ретінде жолдаймыз. Бойында таланты жоқ бала болмайды. Ал біздің балаларымыз ерекше. Сондықтан олардың қоғамға бейімделуіне көмектесуіміз керек», — дейді «Синий трактор» инновациялық-дамыту орталығының жетекшісі Евгения Бойко.
Акция ұйымдастырушылары, алдағы уақытта мұндай шараларды дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.
Тағы оқыңыз:Қазақстанда петиция құруға болмайтын тақырыптар анықталды