Петопавлдағы «ATM Petropavl hospital»ЖШС прокурорлардың араласуынан кейін электр желісіне қосылды. Инвестор қосалқы станциялардың болмауы салдарынан жарықсыз отырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірде 64 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Олардың әрқайсысына жауапты прокурорлар бекітілген. Биыл олар екі инвесторға көмек қолын созып, проблемасын шешіп берген.

«Прокурорлардың араласуымен «Тобол моторс» ЖШС 3 ай ала алмаған  сәулет-жоспарлау құжатына қол жеткізді. Қазіргі уақытта «Zha-Group LTD»  серіктестігінің мәселесі шешіліп жатыр. Кәсіпкер 400 бас малға мемлекеттік қолдау ала алмай жүр. Жақын арада түйін тарқатылады деп ойлаймыз. Жалпы бұл бағытта жұмыстар жалғаса береді», — деді СҚО прокуратурасы басқармасының бастығы Марат Аюпов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x