Петропавлда екі әйел жанжалдасып, бірі екеншісіне пышақ сұғып алған

Петропавлда пышақ жарақатын алған 41 жастағы келіншек жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі әйел қосылып ішімдік ішкен. Арты жанжалға ұласып, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған.

«Полиция қызметкерлері күдікті ретінде 36 жастағы әйелді ұстады. Оған қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеру жүргізіліп жатыр», — деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ал жарақат алған келіншек ауруханада жатыр.

«Науқасқа шұғыл түрде ота жасалды. Жағдайы ауыр, тұрақты. Ол қазір облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Былтыр СҚО-да 14 жасөспірім жасанды түсік жасатқан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x