Демалыс күндері Петропавлда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Тұрғындарға 5 мың келіден астам сапалы өнім сатылды. Жәрмеңкеге облыстың 6 ауданы қатысып, өз тауарын «Алтын Арман», «Қызылжар Ақбастау», «Дәрия» базарларында ұсынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.  

Жәрмеңкеге өз өнімдерін Айыртау, Тайынша, Аққайың, Қызылжар, Шал ақын және  М. Жұмабаев ауданының  ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері әкелген. Петропавлдықтарға сиыр, шошқа, қой және 184 келі құс еті мен 1300 келіден астам сүт өнімдері ұсынылды. Бұдан бөлек, сөрелерге картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз және бал қойылды. Сапалы, әрі табиғи өнімдер дүкендердегі бағалармен салыстырғанда 10-15 % төмен.

«Апта сайын Петропавл қаласында облыстық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және кәсіпорындардың қатысуымен жәрмеңкесі өткізіледі. Жыл басталғалы бұл осымен ұйымдастырылып отырған 21-ші шара. Осы жолы қала тұрғындарына 5 мың тоннадан астам өнім сатылды», — дейді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев

Жалпы бұл күні 6 млн теңгеден астам соманың тауары саудаланды.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x