Петропавлдағы көпбейінді қалалық ауруханада хирургтар өт жолдарына күрделі операция жасады. Науқасқа Кохер тәсілімен лапаротомия, өт қабын алып тастау (холецистэктомия), өт жолдарын тазалау және дренаж қою отасы жасалды, деп жазады Qazaqstan Media.
Кохер тәсілімен лапаротомия міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы тегін жүргізілді.
Мұндай операция өт-тас ауруының ауыр түрлерінде жасалады. Ол асқынулардың алдын алып, өт жолдарының жұмысын қалпына келтіруге және бауырдың саулығын сақтауға көмектеседі.
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай оталар хирургтан үлкен дәлдік пен тәжірибе талап етеді. Себебі ең кішкентай қателік те науқастың жағдайына әсер етуі мүмкін.
«Бұл операция науқастарға ауыр асқынулардың алдын алып, бауыр мен өт жолдарының жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік береді», — дейді дәрігерлер.
Тағы оқыңыз: Сабақ кестесі бала денсаулығына тікелей әсер етеді