Петропавлда дәрігерлерге шабуыл жасап, кейін бір адамды пышақтап кеткен жасөспірімдердің соты басталды

Петропавлда бірқатар құқық бұзушылық жасаған 5 жасөспірімге қатысты сот процессі басталды. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 3 бабы бойынша жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өткен жылдың күзінде Петропавлда бір топ жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына баса-көктеп кіріп науқас қыз бен дәрігерлерді соққыға жыққан. Оларға тапанша кезеніп, қорқытқан.

«Жастар жылдам қимылдап, екінші қабаттағы қалпына келтіру және медициналық оңалту бөліміне көтерілді. Олар дәліз арқылы өтіп, ем қабылдап жатқан 15 жасар қыздың басынан  қолмен ұра бастайды. Сол кезде аурухана қызметкерлері оны қорғауға кіріседі. Бірақ 17 жастағы келуші қыздың қолындағы балдақты жұлып алып, дәрігердің ішінен ұрады. Содан кейін олар тездетіп бөлімнен шығып кетті» — деп сол кезде мәлімдеген болатын аурухананың бас дәрігері Нұрлан Айманов.

Кейін жасөспірімдер қолындағы тапаншаның ойыншық екені анықталды. Оларға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Бірақ мұнымен тоқтамаған жастар бір айдан соң көшеде 51 жастағы ер адамды пышақтап кеткен. Сол кезде полицейлер 17 жасар жасөспірімнің әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтқан болатын. Енді олардың ісі сотта қаралып, бес адам сот алдында жауап беруде.

«Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188 б. 2 б. 1 т., 3 б. 2 т.,  293 б. 2 б. 2 т., 293 б. 2 б. 1,3 т., 293 б. 3 б., 380 б. 3 б., бойынша іс қозғалған. Бұл — «Ұрлық», «Бұзақылық» және «Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Істі Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айдархан Жанақов жүргізуде. Процесс жабық жағдайда өтіп жатыр.

Тағы оқыңыз: 2024 жылы 3000 азамат әскер қатарына шақырылады

 

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x