Петропавлда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ерекше марафон өтті. Бұл ел көлемінде бастау алған «Бірлік жүгірісі» атты жарыс. Оған жастардан бастап зейнеткерлерге дейін қатысты. Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл күймен таңғы жаттығу жасап, белгіленген қашықтықты бірге еңсерді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Марафон Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған.  Бұл бастама ел ішіндегі татулық пен бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

«Бүгінгі жарыс ескі саябақта өтіп жатыр. Қашықтығы шамамен 1,5–2 шақырымды құрайды. Мұнда кәсіби спортшыларға да, әуесқой спортшыларға да, балаларға да ыңғайлы болатындай бағыт құрастырдық. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай 30-ға жуық қатысушы арнайы медальмен марапатталады. Қалғандарына белсенділік танытқаны үшін сертификаттар табыстап, Қазақстан халқы бірлігі күніне орай барлық қатысушыларға футболкалар таратылады»,-деді ұйымдастырушы Владимир Витченко.

Петропавлда «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті
Петропавлда «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті

Петропавлдағы орталық алаңның аумағынан бастау алған бұл жарысқа қала тұрғындары арасынан қатысуға ниет білдіргендер көп. Солардың қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктер, жастар және волонтерлік ұйымдар, спорт федерациялары, жүгіру клубтарының мүшелері бар.

«URPAQ» қазақ мәдени-ағарту орталығының атқарушы директоры Гүлбақша Мұсабаева бұл іс-шараға отбасымен бірге келіп, жүгіру арқылы бірлік пен салауатты өмір салтын қолдайтынын айтты.

«Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын. Бүгін 1 мамыр біз қызылжарлықтар орталық алаңда жиналдық. Расында да бірлігіміз бірлікте деген жарысқа қатысып жатырмыз. Мен өзім жалғыз келген жоқпын. Отбасыммен келдім. Сондықтар әрдайым жүрегімізде бірлік болсын.Ассамблеяның 30 жылдығы құтты болсын»,- деді Гүлбақша Мұсабаева.

Петропавлда «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті
Петропавлда «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті

Жас та, кәрі де, спортшы да, қарапайым қала тұрғыны да бәрі осында. Барлығы ортақ қашықтықты бағындырып, бір мақсатпен – достық пен татулықты дәріптеуге атсалысты. Кейбіреулер нәтижеге жұмыс істесе, енді біреулер – жай ғана көңіл көтеріп, жақсы әсер алу үшін қатысты.

«Бірлік күнінде барлығымыз бірігіп, дене шынықтырып, біраз күш қуат жинап алдық. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Студент жастары, біз мұғалімдер барлық әріптестеріміз барлығымыз келіп қатысып жатырмыз. Осындай жарыс жылда бола берсін. Еліміз тыныш болсын. Бірлік болсын. Осылай жүгіріп салауатты өмірді насихаттап жүруге нәсіп етсін»,-деді М. Қозыбаев атындағы СҚУ Спорт клубының жетекшісі Ербол Исатаев.

Петропавлда «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті
Петропавлда «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті

Ұйымдастырушылар бұл жүгірісті жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлдықтар Қазақстан халқы бірлігі күнін атап өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *