Петропавлда бір центнерден астам марихуана тәркіленді

Петропавлда жертөледен бір центнерден астам марихуана тәркіленді. Бұл облыс аумағында биыл табылған есірткі заттарының екінші ірі партиясы, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Полицейлер есірткі қылмысына қатысы бар 36 және 48 жастағы екі петропавлдықты ұстады. Олардың біреуінің Гоголь көшесіндегі үйінің жертөлесінен 4 қап өсімдік тектес зат тәркіленді. Сараптама нәтижелері табылған заттың кептірілген марихуана екенін көрсетті. Оның жалпы салмағы 113 кг-нан асады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен ұсталғандардың бірі қамауға алынды. Екіншісіне қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі мөлшерінің шығу тегін анықтауы керек.

«Бұл облыста жыл басынан бері тәркіленген марихуананың екінші аса ірі партиясы. Теориялық тұрғыдан алғанда, тәркіленген салмақ Петропавлдың барлық тұрғындарын нашақорлыққа тарту үшін жеткілікті. Естеріңізге сала кетейік, есірткі сатқаны үшін аса ірі мөлшерде 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — деп хабарлайды СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл облыс аумағында 600 кг-нан астам түрлі есірткі заты тәркіленді. Оның 1 келісі синтетикалық түріне жатады.

Тағы оқыңыз: СҚО тұрғындары қаржысының басым бөлігін азық-түлік алуға жұмсайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x