Петропавлда бөгеттерді нығайту жұмыстарына зауыт қызметкерлері де қатысып жатыр

Петропавлды тасқын судан қорғап қалуға Петропавл ауыр машина жасау зауытының мамандары да ат салысып жатыр. Олар Заречный ауылы маңындағы бөгетті нығайту жұмыстарына жұмылдырылған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстағы су тасқынына қарсы шаралар қазір жан-жақты жүргізілуде. Петропавлға тасыған өзен суы жақындап қалды. Мамандар су сәуірдің 11-і келеді деп болжап отыр. Тілсіз жау өз жолындағының бәрін шайып, ауылдарды басып жатыр. Петропавлда Заречный ауылына үлкен қауіп төніп тұр. Сондықтан ондағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірілуде. Тіпті, қарсылық білдіргендерді күштеп көшіру бұйрығы да берілді.

Қаланың шеткі ауданын судан қорғап қалу үшін қала тұрғындары да, кәсіпорын қызметкерлері де шықты. Мысалы, ПАМЖ зауытынан 200 жұмысшы келіпті.

Петропавлда бөгеттерді нығайту жұмыстарына зауыт қызметкерлері де қатысып жатыр

«Петропавл ауыр машина жасау зауытының қызметкерлері тасқын суға қарсы шараларға қатысуға бел будық. 200 адам келіп отырмыз. Қазір Заречный ауылы маңындағы бөгетті биіктетіп, нығайту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — дейді зауыттың баспасөз хатшысы Ринат Шамшутдинов.

Сонымен қатар бұл жерде Астанадан келген әскерилер де қапшықтарға құм салып, бөгет жасауға көмектесіп жатыр.

Петропавлда бөгеттерді нығайту жұмыстарына зауыт қызметкерлері де қатысып жатыр

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x