Петропавлда аялдамада орналасқан электронды таблолардың жұмысына тұрғындар наразы, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қала тұрғындары өздерінің наразылықтарын әлеуметтік желіде жариялаған. Олардың сөзінше, Петропавлдағы электронды таблолар мен жылы аялдамалар сәндік үшін тұр. Себебі, екеуі де керек кезде жұмыс істемейді. Жалпы облыс орталығында электронды таблолар 2018 жылы орнатылған. Олар арқылы автобустың неше минуттан кейін келетінін, қай аялдамада тұрғанын және ауа температурасын көруге болады.
«Қазір электронды таблолар қалыпқа келтіріп жатыр. Жақын арада барлығы толығымен қосылатын болады. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», — деді тұрғындар шағымына жауап берген Петропавл қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары.