[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» gallery_ids=»13512,13513,13514,13515,13516,13517,13518,13519,13520,13521,13522,13523,13524,13525,13526,13527,13528,13529,13530,13531,13532,13534″ fullwidth=»on» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Петропавлдықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20% арзанырақ сатып алуда. Облыс орталығында «Наурыз жәрмеңкесі» өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін М. Жұмабаев көшесі бойында ауқымды шара өтіп жатыр. Наурыз мерекесі қарсаңында мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Тұрғындарға Петропавл қаласы мен 13 ауданнан келген 100-ге тарта кәсіпорын өз тауарларын ұсынуда.

«Ауданымыздың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жәрмеңкеге 3 тонна қара мал, 700 келі қой, 500 келіден астам шошқа және 3 тоннаға жуық тауық етін әкелді. Тағы 5 тонна картоп пен 10 тоннадан астам жем-азық жеткізілді. Сауда сөрелерінде «Ростан» кәсіпорынының ірімшік, май сынды өнімдерін де көруге болады. Олар 1 тоннаға жуық тауар әкелді», — деді Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев.

 

Сатылып жатқан тауарлардың бағасы нарықтағыдан 15-20% арзан. Сондықтан сапалы, әрі табиғи таза өнімді аламын деушілер қатары қалың болды. Тұрғындар дән риза. Олар мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса, жақсы болар еді деген тілектерін жеткізді. Жәрмеңкеге өз өнімін М. Жұмабаев ауданы Советское ауылының тұрғындары да алып келген.

«Біз бірнеше жылдан бері бал шаруашылығымен айналысамыз. Жәрмеңкеге өнімнің он шақты түрін әкелдік. Бағасы базардағыға қарағанда, әрине арзан», — дейді Татьяна Курач.

Арзан бағада, сапалы өнім аламын деген петропавлдықтардың құлағына алтын сырға. Жәрмеңке кешкі 4-ке дейін жұмыс істейді.

«Бүгін жәрмеңкеге 100-ге жуық өнім атауы бойынша 400 тоннадан астам өнім әкелінді. Өңір шаруашылықтары ет, шұжық, сүт, ұн, жарма, макарон, бал, жұмыртқа және балық етін жеткізген. Жалпы мұндай шаралар кәсіпорындарға да делдалдарсыз өз өнімін саудалауға мүмкіндік береді», — дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

Бұл күні жәрмеңкеге келгендер сауда жасап қана қоймай,  солтүстікқазақстандық өнерпаздардың өнерін тамашалауға да мүмкіндік алды.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x