Петропавлда «асық ату» және «бес асық» спортынан облыстық чемпионат басталды

Үш күнге созылатын бұл жарысқа жүзден астам спортшы қатысып жатыр. Ұлдар «Асық атудан» жарысса, қыздар бес асық ойынын ойнап, мықтыны анықтады. Жалпы 8 ауданнан 9 команда қатысып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бүгінде «Асық ату» ойыны жақсы дамып келеді. Бұл спорт түрінен жарыс жыл сайын ұйымдастырылады.

Петропавлда «асық ату» және «бес асық» спортынан облыстық чемпионат басталдыПетропавлда «асық ату» және «бес асық» спортынан облыстық чемпионат басталды

«Бұл облыстық іріктеу. Алда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының кубогі өткелі жатыр. Осы жарыста чемпион болған командалар сол жарыста өз бақтарын сынайтын болады.«Асық ату» ойынына келетін болсақ, бұл өте ежелден келе жатқан ата-әжелеріміз ойнаған ойындардың бірі. 2017 жылы Қазақ халқының ұлттық ойыны ретінде Корея мемлекетінің Сеул қаласында ЮНЕСКО-ның құрамына енді. Бұл өте қуанышты жағдай.»,-дейді чемпионаттың бас төрешісі Ақжан Сұрағанов

Ұлттық спорт түрлерінен өтіп жатқан турнир 22 қазан аяқталады. Бұл – іріктеу жарысы. Жеңімпаздар Қазақстан Кубогінде өңір намысын қорғайтын болады.

«Мен өзім асық ату ойынын мектеп кезімнен бастадым. Түрлі жарыстарға қатысып, мектептегі оқушыларға үйретіп оларды жаттықтырамын. Өзім Жамбыл ауданы «Благовещенка жалпы орта мектебінің» оқытушысымын. Біздің аудан ерлер арасындағы «Асық атудан» облыстың үш дүркін чемпионы. Асықшыларымыздың асығы алшысынан түсіп осылай ұлттық спортымыз дами берсін»,-дейді жаттықтырушы Сәлімбай Садуев

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x