Петропавлда апатты деп танылған үйді бұзып жатқан 40 жастағы жұмысшы үйінді астында қалды. Жігіт бірден ауруханаға жеткізілген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Оқиға бүгін таңертең Петропавлдағы Ойқала ықшам ауданында болды. Төтенше жағдай туралы хабар 112 нөміріне 9:30-да келіп түскен. Құтқарушылар жеткенше үйінді астында қалған жігітті сол жерде болған тұрғындар алып шығып, жедел жәрдем қызметін шақыртқан.
«Науқас жедел жәрдем қызметімен көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір ол тексерістен өтіп жатыр», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Осыған дейін Петропавлда 22 жастағы жігіт топырақ үйіндісінің астында қалып, көз жұмған болатын.
Тағы оқыңыз: СҚО-да заңсыз алкоголь өнімдерін өндіретін цех анықталды