Петропавлда 6 сынып оқушысы газқағар жинаумен шұғылданады

Петропавл қаласының Бірінші гимназиясының 6-сынып оқушысы Егор Папст ерекше хоббимен айналысады. Ол тыныс алу жолдарын, көз бен теріні улы газдан қорғайтын құралдарды, яғни газқағарларды жинайды. Қазір оның коллекциясында 30-дан астам газ маскасы бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Егор Чернобыль атом электр станциясы туралы репортажды көргеннен кейін газ маскаларына деген қызығушылығы пайда болды. Жеткіншектің айтуынша, бірінші газ маскасын (GP5) әкесі сыйлаған, келесі газ масканы (GP4U) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюшы болған атасының досы берген. Біртіндеп маскалардың қатары көбейіп, үлкен коллекцияға айналды.

Петропавлда 6 сынып оқушысы газқағар жинаумен шұғылданады

Қазір Егордың коллекциясында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 30-дан астам газ маскасы мен жеке қорғаныс құралдары бар. Сондай-ақ азаматтық қорғаныс туралы кітаптар да кездеседі. 9 жасар Егор коллекция жинай отырып, алғашқы газ маскасы қашан пайда болды, газ маскасы қалай жұмыс істейді және оның жұмыс принципі қандай?- деген сұрақтар мазалай бастаған.Шешімін табу үшін зерттеу жұмыстарын бастап, «Газқағар жұмысының негізінде адсорбция процесін зерттеу» жобасын Егор 2023 жылдың қазан айында «Зерде» ғылыми жобалар байқауында ұсынды. Жас коллекционерге және зерттеушіге жеткізген жетістіктерімен шектелмей, биік белестерді асуға тілектеспіз.

Петропавлда 6 сынып оқушысы газқағар жинаумен шұғылданады

Тағы оқыңыз:Биыл көліктің VIP нөмірі 210 444 теңге тұрады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x