[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery gallery_ids=»13672,13673″ fullwidth=»on» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]
Петропавлда көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жеке тұрғын үй секторын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Наурыздың 9-ынан бері 45 мың текше метр ақ ұлпа шығарылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Алдымен Ойқала ықшам ауданы мен Солнечный-2 кенті қардан тазартылған. Қазіргі уақытта шаруа негізінен Береке ықшам ауданы мен Жұмысшы кентінде атқарылып жатыр. Қызметкерлер күніне 11 мың текше метр қар шығарады екен. Жұмыстар тәулік бойы атқарылады.
«Қар шығару жұмыстарына 110 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды. Бүгін Клара Цеткин, Пугачев, Кутузов көшелері ақ ұлпадан тазартылуда. Бұл іске тұрғындар да бей-жай қарамай, қар шығаруға өз үлестерін қосып жатыр», — дейді «Благоустройство-Север» ЖШС директорының орынбасары Анар Бұханов.
Биыл мердігер компаниялар тасқынның алдын алу үшін қар шығару шараларын жылдағыдан ерте бастап отыр. Бұған ауа райының тікелей қатысы бар. Әдетте, наурыздың басында басталатын жұмыстар осы жылы ақпанның 20-сы қолға алынған.
«Сондай-ақ, бүгін Береке ықшам ауданында да жұмыс басталды. Халтурин, Волочаевская, Калинина көшелерінде осындай шаруа жүргізіліп жатыр. Барлығы кезекпен атқарылады. Бұл ретте жеке тұрғын үй секторында тұратын тұрғындардан ауладағы қарды көше жиегіне шығаруды сұраймыз», — дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова.
Қар шығару жұмыстары наурыздың соңына дейін жалғасуы мүмкін. Мамандар жыл сайын тасқын судың астында қалатын учаскелерге ерекше көңіл бөлуде.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]